Мәскеудегі парадқа Қазақстаннан 6 соғыс ардагері барады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеудегі парадқа Қазақстаннан 6 соғыс ардагері барады

Мәскеудегі парадқа Қазақстаннан 6 соғыс ардагері барады

Мәскеудегі парадқа Қазақстаннан 6 ҰОС ардагері барады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қаласының

  • 4 Мамыр 2015
  • 309
Фото - Caravan.kz

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейірлан Нарынбетов мәлім етті.

«Мәскеудегі парадқа Қазақстаннан 6 соғыс ардагері барады және оның ішінде біреуі — Астанадан. Ардагермен бірге қаладағы әскери госпитальдің бас дәрігері еріп барады. Еліміздің ардагерлері Мәскеуге 7 мамырда аттанады. Оларды Ресей Президенті қабылдайды деп күтілуде. Атап айтқанда, біздің ардагерлерді қарсы алу, олар қатысатын шаралар кестесі бекітілген»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, Мәскеу тарапынан елімізден 6 ардагерге квота берілген. «70 жылдық ауқымды көлемде аталып өткендіктен,  РФ астанасына келіп жатқан меймандардың қарасы қалың. Өйткені, бұл атаулы датаға ерекше мән беріліп отыр»,-деді М. Нарынбетов.