Тараздық студенттердің тегін оқу арманын сот қолдаған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздық студенттердің тегін оқу арманын сот қолдаған жоқ

Тараздық студенттердің тегін оқу арманын сот қолдаған жоқ

Алматыдағы медициналық университетте оқып жатқан жүзге жуық жамбылдықтар енді оқудан шығып қалуы ықтимал. Оқу ақысын жергілікті биліктен даулаған студенттердің талап- арызын судья қанағаттандырмай тастады.

  • 5 Мамыр 2015
  • 235
Фото - Caravan.kz

Жеті айдан бергі билік пен бұқараның айқасы ақыры шенеуніктердің пайдасына шешіліп тынды. Маман тапшылығын жоюды көздеген облыстық әкімдік шалғай ауылдардан үздік түлектерді шақыртып, медициналық академияға тегін оқуға түсірген еді. Үш жақты келесім бойынша оқу ақысын атқамінерлер төлеуге уағдаласқан. Алайда, Қанат Бозымбаев қызметінен кетіп, облыс әкімі тізгінін Кәрім Көкірекбаев ұстаған тұста тегін оқыту үрдісі тоқтап қалды. Оның себебін өңірдегі бірде-бір шенеунік түсіндіре алмай, насырға шапқан іс бойынша сот та аяқталды. Алайда оқу ақысын даулаған студенттердің талап-арызы сол күйі қанағаттандырылмады. Осылайша оңтүстік астанаға білім қуып барған жастар енді үйлеріне дипломсыз кері қайтатын тәрізді.

Орынкүл Әлменова, Шу ауданының тұрғыны:

-Неге біздің балалар осындай дәрежесі жетіп төрт жыл оқып тұрып енді жолда қалу керек. Неге сол төрт жылға жіберген ақшаны аямай, ал енді қалған үш жылғы ақшаны неге аяп отыр Үкімет.