Қала сыртында орналасқан бекет күзетшісінің жәйбарақат ұйықтап отырғанын пайдаланған ұрылар бірден оған бас салған. Қолдарындағы таспен қайта-қайта ұрып, есінен тандырып, орындығынан құлатқан соң іске кіріскен. Осы кезде ұялы телефонына жармасқан кассир әйелдің де әрекетінен түк шықпаған. Баукеспелер оның қолындағы телефонды жұлып алды. Қарақшылардың бұл әрекеті бастан-аяқ бейне бақылау камерасына түсіп қалыпты. Кассада болған небәрі екі мың теңгені алып, алды артына қарамай зытып шыққан екеу алысқа ұзамай ұсталды. Олар ұрлыққа әбден сайланып келген екен.
Ерболат Құсайынов, Көкшетау қалалық ІІБ қызметкері:
-Іздестіру іс шаралары барысында көлікпен күдіктілер қашып бара жатқаны анықталды. Қуып жетіп, тоқтатып көлікті қарап ішін. Басқа киімдер әзірлеп қойған, перчатка маска деген сияқты.