Еуроодақ Непал өкіметіне 19,6 млн. еуро көмек беруге ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ Непал өкіметіне 19,6 млн. еуро көмек беруге ниетті

Еуроодақ Непал өкіметіне 19,6 млн. еуро көмек беруге ниетті

Еурокомиссия Непал өкіметіне 16,6 млн. еуро қаржылық қолдау көрсетуді, сондай-ақ халыққа қосымша 3 млн. еуро гуманитарлық көмек беруді мақұлдады.

  • 5 Мамыр 2015
  • 238
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы дүйсенбі күні таратылған коммюникеде айтылған.

Қаржылық қолдау қаражаттары Непал үкіметінің атына осы аптаның соңына қарай келіп түседі.

«Бұл қолдау непал халқымен біздің ынтымақтастығымызды білдіреді. Непал үкіметі үшін көмек көрсету жалғасуы өмірлік қажеттілік, сондай-ақ ол жойқын жер сілкінісінен кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді», — деді ЕО-ның халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі комиссары Невен Мимица.

Еске сала кетейік, 25 сәуірде Непалда жойқын жер сілкінісі болып, 70 мыңға тарта үйлерді, жолдарды, көпірлерді, ескі храмдарды және басқа да құрылыстарды толық қиратты. Ел билігінің соңғы мәліметтері бойынша, табиғи апат салдарынан 7365 адам көз жұмды, тағы 14 366 адам зардап шекті.