Алматы облысында балалардың жазғы демалысына қаражат бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында балалардың жазғы демалысына қаражат бөлінді

Алматы облысында балалардың жазғы демалысына қаражат бөлінді

Алматы облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 204 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді.

  • 5 Мамыр 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова хабарлады.

Оның айтуынша, биылғы жылы облыста қала сыртында 34 лагерь жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, тамақтанумен 402 лагерь, тамақтанусыз 383 лагерь, сондай-ақ заттық, спорттық, шатырлық, мектеп маңындағы лагерь және т.б.  жұмыс істейді.

Майгүл Омарова атап өткендей, балалардың жазғы демалысын өткізудің оң үрдістерінің бірі — демалыс жас ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырылған. Жұмыс жазғы уақытта мектеп оқушыларын сауықтыру, бос уақытын қызықты өткізу бағытында жүргізілуде.