Назарбаев Университетi Қазақстандағы бiлiм беру жүйесiнiң жоғары деңгейiн көрсетедi - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Университетi Қазақстандағы бiлiм беру жүйесiнiң жоғары деңгейiн көрсетедi

Назарбаев Университетi Қазақстандағы бiлiм беру жүйесiнiң жоғары деңгейiн көрсетедi

Назарбаев Университетi Қазақстандағы бiлiм беру жүйесiнiң жоғары деңгейiн көрсетедi.

  • 5 Мамыр 2015
  • 385
Фото - Caravan.kz

Бүгiн Астанада Назарбаев Университетiнде «Еуропалық одақ және халықаралық қатынастар» тақырыбында дәрiс оқыған Еуропалық кеңестiң бұрынғы төрағасы Жозе Мануэл Баррозу осылай дедi. 

«Мен Қазақстанмен қайта қауышып, Назарбаев Университетiнде баяндамамды оқығаныма қуаныштымын. Өздерiңiз бiлесiздер, Еуропалық кеңес төрағасы болған тұста мен Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға үлкен күш салып келдiм. Бiздiң байланыстар қарқындап дамып жатқанын көру мен үшiн үлкен абырой. Дәрiсiм өткен аталмыш оқу ордасы туралы айтсақ, Назарбаев Университетi Қазақстандағы бiлiм беру жүйесiнiң жоғары деңгейiн көрсетедi», — деп атап өттi ол. 

Баяндама барысында Ж.Баррозу Еуропалық одақтың халықаралық қарым-қатынастар саласында қол жеткiзген жетiстiктерi мен соңғы жылдары туындаған қауiп-қатерлерге қарсы iс-шаралары, жаһандық дағдарысқа байланысты жасаған жауапты iс-қимылы туралы айтып бердi. Сонымен қатар Еуропалық одаққа кiрмейтiн елдермен дәне халықаралық ұйымдармен байланыстары, еуропалық ықпалдастықтың келешек өзгерiстерi жайында да сөз көтердi. 

Жозе Мануэл Баррозу 2004 және 2014 жылдар аралығында Еуропалық кеңестiң төрағасы болды. Қазiргi уақытта Пристон университетiнде «Халықаралық қатынастардағы Еуропалық одақ» тақырыбы бойынша ұстаздық етедi.