Халықаралық ғарыш станциясының экипажына ресурстарды үнемдеу туралы ұсыныс жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық ғарыш станциясының экипажына ресурстарды үнемдеу туралы ұсыныс жасалды

Халықаралық ғарыш станциясының экипажына ресурстарды үнемдеу туралы ұсыныс жасалды

Ұшуды басқару орталығы «Прогресс М-27 М» жүк кемесінің жоғалып кетуіне байланысты Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелеріне

  • 5 Мамыр 2015
  • 819
Фото - Caravan.kz


ресурстарды үнемдеп пайдалану туралы ұсыныс жасады.
«Прогресс» станцияға 2,5 тонна жүк жеткізуі тиіс еді. Олардың арасында экипаждың тіршілік етуіне қажетті азық-түлік, түрлі құрылғылар мен жүйелердің қосалқы бөлшектері болатын.
Бұл жерде электр қуаттау жүйелері, суды конденсаттан ажырату, ауа кондиционері, оттегін алып, көміртегін сыртқа шығару жүйесі, жылумен қамту жүйесі және ассенизациялық-санитарлық құрылғы жайлы әңгіме болып отыр.
«Мәселен, ғарышкерлер аккумуляторлық батареяларды ұзағырақ пайдалануы тиіс. Өйткені, келесі жүк кемесін ұзақ күтуге тура келеді», — дейді ақпарат көзі.
Сонымен қатар, экипаждың алты мүшесінің үшеуі қысқартылуы ықтимал.