Жиынды ашқан Елбасы сәуірдегі сайлауға тоқтала келе, халықтың өз таңдауын жасап, ауызбіршілігін танытқанын жеткізді. «Екіншіден, жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық жолымыз мақұлданып, сайлауалды бағдарламамызбен жүруге халық өз ризашылығын танытып отыр. Ендігі мәселе бағдарламаны, соның ішінде бес халықтық реформаны орындау — өзекті. Бұл үшін ең алдымен елдің белсенділігі керек. Ортақ жеңісімізді ары қарай жетістікке ұластыру үшін ауқымды жұмыс күтіп тұр», -деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы Үкімет құрамы жаңа тағайындалғанын еске салып, олардың жұмысына табыс тіледі. «Сенім көрсетілді. Ары қарай жұмыс істеуге барлық жағдайлар бар. Осының бәрін ақтауға тиіссіздер. Ең бастысы, сайлау мемлекеттің беделін көтере түседі», — деді Н. Назарбаев.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұған дейін жарияланған бес халықтық реформа мәселелері талқылануда. Бұл ретте Елбасы бес халықтық реформаның әрқайсысы жиырма қадамды қамтитынын қадай айтты.