«Біз жалақысы бәсекелес болатындай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби аппаратын құруға тиіспіз, ол жұмыс нәтижесіне байланысты болмақ. Жалақы жеке меншік сектордың 70% деңгейінде болуға тиіс, ар жағын көре жатармыз. Бірақ ол үстеме 70%-ды әр министрлік пен ведомство өздерінен табуға тиіс», деді Н.Назарбаев сейсенбіде үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент атап өткендей, министрлер мен ведомство жетекшілерінің өздеріне жалақы бюджетін бөлуге рұқсат етілмек.