Жеңістің 70 жылдығына КТК да дайындықпен келді! - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңістің 70 жылдығына КТК да дайындықпен келді!

Жеңістің 70 жылдығына КТК да дайындықпен келді!

Біздің телеарна көрермен назарына даңқты ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов туралы сериалды ұсынады.

  • 6 Мамыр 2015
  • 399
Фото - Caravan.kz

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары жаудың зәресін алған баһадүр туралы сериал мамырдың 7-сі, 8-і және 9-ы күндері көрсетіледі. Туынды болған оқиғаларға негізделген. Онда батырдың бейбіт замандағы өмірі мен соғыс жылдары бастан кешкен небір жайттары көрсетіледі. Басты рөлдерді танымал актерлер сомдаған. Небәрі жиырма жасында соғысқа аттанған ұшқыш бірнеше қаланы жау құрсауынан босатып, бірінші боп Берлинге басып кірген болатын. Фильмде сол қанды шайқастардың барлығы бейнеленген. Ендеше, осы жұма мен сенбіде сағат 21,30-да, және жексенбіде сағат 22-45-те КТК арнасы қосулы тұрсын.