Соғыста қаза тапқан қазақ батырларының туған жерге топырағы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соғыста қаза тапқан қазақ батырларының туған жерге топырағы жеткізілді

Соғыста қаза тапқан қазақ батырларының туған жерге топырағы жеткізілді

Мәскеу үшін шайқаста қаза тапқан қазақ батырларының топырағы 70 жылдан соң туған жерге жеткізілді. Ол батырлар туып өскен қала – Қапшағайға ескерткіш етіп қойылды.

  • 6 Мамыр 2015
  • 293
Фото - Caravan.kz

Бұл – Волоколам тас жолын қорғаған қазақ жауынгерлерінің топырағы. Олар Мәскеу үшін болған қанды шайқасқа ең бірінші боп араласып, жат жерде ерлікпен қаза тапқан еді. Алматыда жабдықталған атақты 316-шы атқыштар дивизиясы тұтқиылдан басып кірген жаудың әскерін аздаған қарумен тас талқан еткен болатын. Атап айтқанда, 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісін жойып жіберді. Сол 28 батырдың 11-і осы Жетісу өңірінен шыққан. Туған жеріне қайта оралмаған жауынгерлердің топырағымен бірге, Ресейден мәңгі алау оты да әкелінді. Сондай-ақ, Қапшағай мен Волоколамск бауырлас қалалар атанды. 

Александр Максимов, соғыс ардагері:

-Қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, қайғырамыз. Олар шайқас даласынан оралмады. Тым болмаса, топырағы туған жерге бұйырсын дедік. Бауырластар зиратынан алынған топырақты арнайы капсулаға салып әкелдік.