Ақтөбеде белгісіз біреулер фашистердің белгілерін салып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде белгісіз біреулер фашистердің белгілерін салып кетті

Ақтөбеде белгісіз біреулер фашистердің белгілерін салып кетті

Ақтөбенің қақ ортасындағы көпірдің жақтауына белгісіз біреулер фашистердің белгілерін салып кетіпті. Онымен қоймай «қанымыз бір, ұлтымыз бір» деген ұранды қара сиямен жазыпты.

  • 6 Мамыр 2015
  • 239
Фото - Caravan.kz

Таң атысымен көпірдегі белгілерге ең бірінші сол маңдағы тұрғындардың көздері түскен. Жеңіс күні қарсаңында мұндай сорақы жазуды көріп, жағаларын ұстап отыр. Дереу құзырлы органдарға хабарласып, бұзақыларды жазалауды талап етіпті. Қазір оқиғаның мән-жайымен танысқан тәртіп сақшылары күдіктіні жақын уақытта табамыз деп уәде етуде. Себебі вандалдар өздері салған белгінің астына аты-жөнін, оқитын оқу орны мен группасына дейін жазып кеткен.

Мария Колесникова, тыл ардагері:

-Ол бұзақыны группаластарымен бірге қолдарына шелек пен шүберек беріп осында әкелу керек. Көпірдегі жазуларды тазартып, жуып шықсын. Бұл белгілерді салу ардагерлерді қорлау ғой.