Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен түсіп қалған бала өлім аузынан қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен түсіп қалған бала өлім аузынан қалды

Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен түсіп қалған бала өлім аузынан қалды

Бұрылыстан өте бергенде темір тұлпардың есігі ашылып кетіп, бүлдіршін жерге «топ» ете түскен. Бірнеше рет аунап түскен ол тіпті келесі машинаның дөңгелегінің астына түсуге сәл қалды.

  • 6 Мамыр 2015
  • 276
Фото - Caravan.kz

Бұл оқыс оқиға сол машинаның бейнетіркеуішіне түсіпті. Қозғалысы көп орталық жолдардың бірімен кетіп бара жатқан көлік бала құлағаннан кейін бірнеше метр жүріп барып тоқтайды. Ішінен еркек пен әйел шығып, баланы қайта отырғызып алған. Қазір бүлдіршіннің денсаулығына қатысты ешқандай мәлімет жоқ. Бейнежазбаның қашан түсірілгені де белгісіз. Ал полиция салғырттық танытып, сәбиді машинада автоорындыққа таңбай,  құлатып алған ата-ананы іздеуге кірісіп кетті.