Баррозу Ақордадан «Достық» орденін тағып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баррозу Ақордадан «Достық» орденін тағып шықты

Баррозу Ақордадан «Достық» орденін тағып шықты

Жозе Мануэль Баррозу Ақордадан «Достық» орденін тағып шықты. Бүгін Еуропалық комиссияның экс-төрағасын Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап, Қазақстанға деген оң көзқарасы үшін ең жоғары мемлекеттік сыймен марапаттады.

  • 6 Мамыр 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сіз маған да, Қазақстанға  да доссыз. Сондықтан қашан да құшақ жая қарсы алуға дайынбыз. Еуропалық комиссияға Сіз төрағалық еткенде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы он есеге артты. Өзара серіктестік, ынтымақтастық туралы ауқымды келісімдерге қол қойдық. Еуропалық одақпен тығыз байланыс әріқарай да жалғаса береді.

«Достық» ордені ұлтаралық татулық, халықтар арасындағы бейбітшілік пен ынтымақты нығайтуға қосқан ебегі үшін беріледі. Қазақстанның дәл осындай жоғары сеніміне ие болған Баррозу да Елбасыға ризашылық білдіріп, «Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін қолымнан келгенді аяған емеспін» деп ағынан жарылды. Жалпы, Еуропа нарығына Қазақстанның мұнайы, газы, түсті металдары шығады. Ал, атом электр станциялары Франция мен Ұлыбритания біздің уранға зәру. Сондай-ақ, Еуропалық одақ Қазақстанның экономикалық ғана емес, саяси, әлеуметтік, қауіпсіздік саладағы да серіктесі.