Тәжікстан президентінің «ұлы» ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан президентінің «ұлы» ұсталды

Тәжікстан президентінің «ұлы» ұсталды

Душанбе қаласында өзін  президент Эмомали Рахмонның ұлымын деп жүрген мектеп оқушысын ұстады.

  • 6 Мамыр 2015
  • 376
Фото - Caravan.kz

Ол тәжік шенеуніктерінен пара алып, оларға тапсырма да беріп жүрген, деп хабарлады елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосынан.

Хабарламаға сенсек,  Душанбе халықаралық мектебінің 10-сынып оқушысы  Хушдил Курбонов өзін президент Рахмонның ұлы — Сомони Эмомали деп таныстырып, жерге қатысты келісім жасауға көмектесемін деп 50 мың долларды қалтасына басқан.

Сонымен қатар, айлакер оқушы тәжік шенеуніктерінің біріне телефон соғып, дереу осы мәселені шешуді талап еткен, деп жазды ВВС.


Билік қылмыстық іс қозғады.