Алайда мүсәпірдің бала-шағасына бір тиын да бұйырмапты. Әйелінің айтуынша, оның үйден кеткеніне бірнеше жылдың жүзі болған. Еш жерде жұмыс істемейтін азамат бұған дейін есірткі саудасы үшін сотталып шыққан екен. Ол көпқабатты үйлердің алдында тұрған велосипедтерді ұрлап, өз бағасынан 10 есе арзанға сатыпты. Нақты қаншауын ұрлағанын өзі де білмейді. Ал полиция 8 эпизодты дәлелдепті. Енді ол алдағы 5 жылын абақтыда өткізуі мүмкін.