Алматыда атақты Мэлс Елеусізовтың жақтастары тұратын үй жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда атақты Мэлс Елеусізовтың жақтастары тұратын үй  жанып кетті

Алматыда атақты Мэлс Елеусізовтың жақтастары тұратын үй жанып кетті

Алматыда табиғат жанашырлары алапат өрттің астында қала жаздады. Мэлс Елеусізов басқаратын экологиялық одақтың мүшелері тұрып жатқан үй күтпеген жерден отқа оранған. Әйтеуір адамдар дін аман. Түн ортасынан ауғанда тұтанған жалын ағаштан соғылған ескі үйді лезде шарпыған екен. Қазір үй орнында күл үйіндісі ғана қалған.

  • 7 Мамыр 2015
  • 405
Фото - Caravan.kz

Күлі көкке ұшқан үйдің орнын Мэлс Хамзаұлы бір өзі тазалап жүр. Жалпы, өрттің неден тұтанғанын ешкім білмейді. Әдеттегідей қоршаған ортаның қамын күйттеп, Балқаш көліндегі Регата шарасына кеткен Елеусізов түнделете қайтып келсе, алапат өрттің үстінен түсіпті.

Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:

-Директор база, ауруханада жатқан, өрт соның үйінен шықты. Екі адам екі бала болған. Басқалары үлгеріп шықты, бірақ, жабдықтары жанып кетті. Біз сағат 3-те келдік. Мен жалғыз болғам.

Кезінде балабақша болып, кейін тұрғынжайға айналған бұл үй әбден ескірген екен. Оның үстіне, құрылысы негізінен ағаштан тұрғызылған. Өрттің тез өршуіне осы себеп болғанға ұқсайды. Аумағы 200 шаршы метр үйдің дымы қалмаған. Ал сол сәтте үйде Елеусізовтың әйелі мен тағы бір көмекші әйел және кішкентай екі бала болған екен.

Айжан Елеусізова, М.Елеусізовтің қызы:

-Анам түтін иісін сезіп, әуелі үйді жылытатын құрылғы шығар деп ойлапты. Ал лаулаған өртті көргенде қолдарына түскен құжаттарын ғана алып, бәрі далаға қашқан. Қатты абдырағандықтан, өрт сөндіру қызметіне қалай қоңырау соғарын білмепті. Қазір барлығы біздің үйде.

Бұны біреу әдейі істеді дейін десе, оған еш дәлел жоқ. Кінәні үйдегілерге артайын десе, үйде көп адам болмаған да. Бір анығы, осы үйді мекен еткен табиғат жанашырларының енді өздері жанашырға зәру. Жаңадан үй соғу үшін қыруар қаржы керек. Ал өрттің себебін енді мамандар анықтауы тиіс.