Павлодар облысында "Қазпоштадан" екі қап ақша тоналды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында "Қазпоштадан" екі қап ақша тоналды

Павлодар облысында "Қазпоштадан" екі қап ақша тоналды

Павлодар облысында "Қазпошта" филиалы тоналды. Түнгі уақытта Екібастұз қаласындағы бөлімшелердің біріне түскен қарақшылар 55 миллион теңгені қолды қылған.

  • 7 Мамыр 2015
  • 384
Фото - Caravan.kz

Бейресми мәліметтерге сенсек, беттерін тұмшалап алған екі азамат поштаға мекеменің төменгі қабатындағы түнгі клуб арқылы кірген. Мұздай қаруланған ұрылар күзетшінің қол-аяғын байлап, ақша толы 2 инкассаторлық қапты көтеріп кеткен. Облыстағы барлық полиция құрамы шұғыл із кесу шараларын қолға алып жатыр. Екібастұздан бастап, Павлодардың барлық аудандарына шығатын жолдарға бекеттер қойылып, күдік тудыратын автокөліктер жіті тексерілуде.