Қарағандыда үрмелі аспаптар оркестрі көрермендерді тәнті етті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда  үрмелі аспаптар оркестрі көрермендерді тәнті етті

Қарағандыда үрмелі аспаптар оркестрі көрермендерді тәнті етті

Ал мереке күні Қарағандыда үрмелі аспаптар оркестірлерінің фестивалі өтті. Оркестрлердің дені әскери болғандықтан бүгін сұрапыл соғыс пен жеңіс тақырыбындағы әуендер орындалды. Дегенмен әскери әуендерді әскери оркестр ғана нақышына келтіре орындай алатыны сөзсіз. Себебі әскери марштарды қатаң тәртіпке машықталған, төзімі мықты адамдар ғана үрлемі аспаптармен әуелете алады екен.

  • 8 Мамыр 2015
  • 368
Фото - Caravan.kz

Сахнаға шығар алдында музыканттар бәйгеге шабар аттай тыпыршиды. Оның да жөні бар. Өйткені әскери, рухқа қамшы салатын әуенді бабына келтіре орындау оңай дүние емес. Фестивальде үрмелі аспаптардан бөлек барабан асынған әскери мектеп оқушыларының да тобы бар. Салтанатты шараны дәл осы ұрмалы аспаптар ашты.

Ал жылдар бойы әскер қатарында ән айтып аспап асынып жүргендерге жүктелетін жауапкершілік екі есе. Себебі әскери борышты бір адамдай өтеп жүрумен қатар, көпшіліктің алдында өнер көрсетуде сүрінбеу керек. Үлкен әскери шерулер, мерекелік шаралардың сәнін көбіне осы оркестрлер кіргізеді. Саптағы аяқ алысты былай қойғанда әуенді мінсіз орындап шығу үлкен қажыр қайратты талап етеді. Ал құрамда әйел заты болса, оның нәзік жанына түсетін ауыртпалық та ерекше екен.

Әлия Көкеева ҚР ҚМ «Астана» өңірлік қолбасшылығының қызметкері:

-Оркестр әскери ұрыстарға қатыса алатын құрылым. Яғни біз сырнай тартады екенбіз деп қол қусырып отырмаймыз. Әскери борыш барлығымызға да ортақ. Осы істерді алып жүру әйел заты үшін әрине қиын. Бірақ әскери қызметке келгесін төзімді болу шарт

Фестивальге қатысқан 11 ұжымның әрқайсысысың репертуарында 5 шығармадан болуы шарт. Оның басым бөлігі әскери әуендер болса, джаз бағытында жеңіл әрі қызықты әуендерді орындауға да рұқсат берілген. Бұл мереке күні орындаушылардың өздеріне жасалған сый іспеттес болды.