Көкшетауда Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш ашылды

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш ашылды

Көкшетауда Кеңес Одағының батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің ескерткіші ашылды. Шара Зеренді ауданының тумасы батыр Мәліктің 100 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келіп отыр.

  • 8 Мамыр 2015
  • 360
Фото - Caravan.kz

Қоладан құйылған мүсінде батырдың соғыстан қайтқан кездегі бейнесі  сомдалған. Жас Мәлік қан майданнан жеңіспен оралған кездегі бойын  қуаныш кернеген қалпы халқына мақтанышпен қарап тұр. Облыс орталығына қойылған ескерткіштің ашылуына келгендердің қарасы қалың. Әсіресе батыр ұрпақтарының қуанышы ерекше.

Мәриям Кенжахметова, М.Ғабдуллиннің немере келіні:

-Бұл ерекше ескерткіш. Көптен күттік.Бюстар қойылатын, бірақ мынау ескерткіш нағыз еңселі ескерткіш Мәлік Ғабдуллиннің характерін беретін, ол кісінің батырлығын, зиялылығын бәрін көрсетіп тұр.Қатты қуанып тұрмыз!