Сот отырысында ауызбастырықты алғанын мектеп басшысы бірден мойындады. Зейнеткерлерікке шығуына не бары бір ай қалғанда «мені құдай ұрды» деп судьяға жалбарынған ол ақшаны мектептің жөндеу жұмыстарына алғанын айтып ақталды. Дегенмен, директорден теперіш көрдім деген кәсіпкер басқа пікірде. Айтуынша, Ольга Бажитова бірнеше ай бойы себепсіз құжаттарға қол қоймай әдейі сандалтып қойған. Тек пара ұсынғанда шаруаны шешуге кірісіпті. Зейнат жасындағы ұстаз енді біраз уақыт бостандық көрмеуі мүмкін.