Назарбаев әйгілі Иван Панфиловтың ескерткішін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев әйгілі Иван Панфиловтың ескерткішін ашты

Назарбаев әйгілі Иван Панфиловтың ескерткішін ашты

Көпшілікті таңқалдырған осы ауқымды шеруден кейін Нұрсұлтан Назарбаев 316-шы атқыштар дивизиясының әйгілі  қолбасшысы Иван Панфиловтың ескерткішін ашты. Бұл – даңқты батырдың сом тұлғасын айшықтайтын Астанадағы алғашқы мүсін.

  • 8 Мамыр 2015
  • 332
Фото - Caravan.kz

Астананың орталығындағы «Жерұйық» саябағында тұрғызылған   ескерткіштің ұзындығы екі жарым метр. Қоладан соғылған. Оң жағынан 28 панфилофшының есімі қабырғаға қашалып жазылыпты. Ал ер есімі ел есінде. Себебі Панфилов дивизиясының ерлігі ерен екені күллі елге белгілі. 1941 жылы жау әскері басып кіргенде жан аямай тойтарыс берген даңқты дивизия біздің елде жасақталған. Аты аңызға айналған сол генерал Панфиловтың ерлігі енді Елорда жұртына дәріптеле беретін болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының  Президенті:

Панфиловқа қойылған ескерткіш
бүкіл еліміздің соғысқа қатысқан батырларына қойылған ескерткіш деп санау керек. Қазақстаннан шыққан көптеген жауынгерлер Совет одағының батыры атанғанын білесіздер. 1 миллион 200 мың қазақстандық соғысқа аттанып жартысы қайтпай қалды.  Сондықтан фашизмге қарсы соғысып, бүгінгі еліміздің берекесіне бірлігіне көп үлес қосты.