Жыл өткен сайын обырды емдеу қымбаттап барады - зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл өткен сайын обырды емдеу қымбаттап барады - зерттеу

Жыл өткен сайын обырды емдеу қымбаттап барады - зерттеу

Онкологиялық дертті емдеуге қомақты қаржы қажет. «IMS Health» сараптамалық компаниясының зерттеуінше,

  • 8 Мамыр 2015
  • 461
Фото - Caravan.kz

әлемде онкологиялық ауруларды емдеуге кеткен қаражат өткен жылы 100 миллиард долларды құрады. Бұл 2013 жылға қарағанда 10,3% артық. Бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 75 миллиард долларды құраған, деп жазады «Ремедиум». 

Жалпы, обырға қарсы дәрілерге медикаменттерді сатып алуға арналған ақшаның 10,8% жұмсалады екен. Мұндай дәрілерді сатып алуға шығынданатын елдердің көш басында АҚШ (жалпы шығынның 42,2%) тұр. Ары қарай Германия, Франция, Ұлыбритания, Испания мен Италия тұр.

2010-2014 ж.ж. обырға қарсы 45 жаңа препарат нарыққа шықты. Инновациялық терапияға АҚШ, Германия және Ұлыбританияның барлық-дерлік тұрғыны қол жеткізе алады. Жаңа препараттардың 50% жуығын Оңтүстік Корея, Испания немесе Жапония азаматтары сатып алуға қауқарлы. Сарапшылар 2018 жылға қарай әлемде обыр дертіне қарсы дәрілерге жұмсалатын шығын 117-147 миллиард долларға дейін жетеді деп отыр. 
Алайда, бәсекеге қабілетті бірнеше иммунобиологиялық препараттардың нарыққа шығуы (бұл бойынша Bristol-Myers Squibb, Merck, Roche, AstraZeneca компаниялары жұмыс істеп жатыр) емдік бағасы бойынша жағдайды тұрақты қылуға септесуі мүмкін.