«Бүкіл Ресей бауырлас Қазақстан еліндегі өткен кезектен тыс президенттік сайлауды бақылады. Сайлау барша халықтың бірлігіне негізделгені аса маңызды. Ресейліктер сайлау нәтижелерінен одақтас, Еуразиялық экономикалық одақ аясында перспективалық әріптес ел ретінде және басқа да халықаралық форматтарда ертеңге деген, бірлікке деген сенімділікті сезінді», — деді ол.
Г. Карасин атап өткендей, Н. Назарбаевтың жеңісі — лайықты жеңіс. «Қазақстан халқын таңдауымен шын жүректен құттықтағым келеді. Н. Назарбаевтың арқасында Қазақстан заманауи, қуатты серпінді дамыған мемлекетке айналды», — деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, Г. Карасин қазақстандықтарды Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. «Бұл ортақ мереке. Біз үнемі бірлесіп балаларымыз бен немерелеріміз үшін кемел келешек қалыптастырамыз», — деді РФ СІМ орынбасары.