Үкімет ЕҚДБ бағдарламасын кеңейтуге 41 млн евро бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет ЕҚДБ бағдарламасын кеңейтуге 41 млн евро бөледі

Үкімет ЕҚДБ бағдарламасын кеңейтуге 41 млн евро бөледі

Еуропаның қайта құру және даму банкі шағын және орта бизнеске техникалық көмек көрсету, консультациялық қызмет, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жобаларын қолдауға

  • 8 Мамыр 2015
  • 440
Фото - Caravan.kz


жалпы сомасы 41 млн евроға үш келісімге қол қойды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оның 22 млн евросы ЕҚДБ-ның бес жыл бойы шағын бизнесті қолдау жөніндегі бағдардамасына бағытталады.
«Бұл бағыт шеңберінде 850-ден астам кәсіпорын қамтылады, 500 бизнес иесіне салалық тренинг өткізіледі және нарықты дамыту бойынша іс-шаралар шеңберінде 250 консультант кәсіби біліктілігін арттырады», делінген бүгінгі хабарламада.
Қазақстанда техникалық қолдау жөніндегі банктік жобаларға қосымша техникалық ықпал ету туралы бірлескен келісім шеңберінде 11,5 млн евро жұмсалады.
$8,2 млн Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған жаңа бағдарламаға бөлінеді.