Қазақстанда түсірілген ұшқыштар туралы фильм бүгін көрерменге жол тартады - ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда түсірілген ұшқыштар туралы фильм бүгін көрерменге жол тартады - ВИДЕО

Қазақстанда түсірілген ұшқыштар туралы фильм бүгін көрерменге жол тартады - ВИДЕО

Қазақстанда түсірілген ұшқыштар туралы фильм бүгін көрерменге жол тартады. Жаңа туынды КТК арнасында кешкі сағат 21:30-да көрсетіледі.

  • 8 Мамыр 2015
  • 811
Фото - Caravan.kz

 «Жоғары құлау» (Падать вверх) көпсериялы әскери-шытырман оқиғалы драмасы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов пен басқа да ұшыштардың әдеби шығармаларының негізінде түсірілген.

Басты рөлдерді Есім Сегізбаев, Элина Шакеева, Юрий Капустин, Ербол Семқұлов сомдайды. Фильм Алматы маңайында түсірілген. Көркем түсірілімнен басқа тарихи кадрлар да пайдаланылды.

Фильмнің режиссері Ермек Тұрсыновтың айтуынша, бұл көркем фильм -Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлерге арналған тарту болмақ. Батыр ардагерлерге жәй ғана құрмет көрсету аз, Отан соғысының батырларының ерліктері біздің жүректерімізде мәңгі қалуы керек.


Фильмнің промо ролигін мына жерден көре аласыз: