Шымкенттің 200 тұрғыны қала көшелерімен 70 метрлік Жеңіс лентасын алып жүрді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттің 200 тұрғыны қала көшелерімен 70 метрлік Жеңіс лентасын алып жүрді

Шымкенттің 200 тұрғыны қала көшелерімен 70 метрлік Жеңіс лентасын алып жүрді

Шымкенттің орталық көшелерімен ұзындығы 70 метр Жеңіс лентасын алып жүрген қала тұрғындары

  • 8 Мамыр 2015
  • 445
Фото - Caravan.kz


осылайша ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне алғыстары мен майдан даласында қаза тапқандарға құрметін білдірді.

«Бұл акция түрлі жас пен ұлт өкілдерін біріктірді. Оны небәрі төрт күннің ішінде ұйымдастырдық және қалалықтардың оған қуана атсалысқанына ризамыз», — деп баяндады естелік маршына бастамашы болғандардың бірі Мария Брезинская.

Жеңіс лентасын Ордабасы алаңынан «Даңқ» ескерткішіне дейін апарды. Маршқа қатысушылардың арасында мектеп оқушылары, зейнеткерлер болды, қала тұрғындары отбасыларымен бірге келді. Жалпы 3 шақырым, 300 метр жол жүрілді. Баннерлік матадан тоқылған лентаның салмағы — 50 келі. Акция аяқталған соң оны Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мұражайына тапсырды. 

null 
null 
null