Семейде домофондағы қоңыраудың орнына төтенше жағдайлардың алдын алу туралы ескертулер айтылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде домофондағы қоңыраудың орнына төтенше жағдайлардың алдын алу туралы ескертулер айтылуда

Семейде домофондағы қоңыраудың орнына төтенше жағдайлардың алдын алу туралы ескертулер айтылуда

Семейде домофондағы қоңыраудың орнына төтенше жағдайлардың алдын алу туралы ескертулер айтылуда. Осылайша жергілікті құтқарушылар оқыс оқиғаларды азайтпақ ниетте. Есіктегі қоңырауды басқан сәтте тұрғындарға отпен ойнауға, балаларды қараусыз қалдыруға болмайтыны, тіпті, өрт кезінде қайда хабарласу керектігі туралы айтылады. Әзірге шаһардағы үйлердің 150 кіреберісіне осындай қызмет енгізілген.

  • 9 Мамыр 2015
  • 328
Фото - Caravan.kz

Семейлік құтқарушылар кәдімгі домофонды енді ескерту құралы ретінде пайдалануда. Оның тетігін басқанда қоңыраудың орнына қауіпсіздік ережелері туралы хабарлама айтылады. 12 түрлі аудиожазбада оқыс оқиға кезінде не істеу керектігі, қайда хабарласқан жөн екені айтылған.

Бақыт Дәуренбекова, Семей қаласының тұрғыны:

-«Шаруаларың бітпей жүгіріп жүреміз, сол кезде қосып қойған үтігімізді, пешімізді жауып кетуді ұмытып кетеміз. Қайда қоңырау шалуды білмей, қиналып қаламыз. Бұл бәрін айтып тұрады бізге. Өте ыңғайлы».

Әр хабарламаның ұзақтығы 10 секундтан аспайды. Сондықтан оны соңына дейін тыңдауға мүмкіндік бар. Құтқарушылар мен кәсіпкерлердің біріккен жобасы аясында әзірге 150 кіреберісте аталған қызмет көрсетілуде.

Дмитрий Алябьев, Семей қалалық ТЖБ қызметкері:

-Бұл жүйе арқылы жұмыссыз тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру оңайға түседі. Себебі, дәл осы адамдармен үгіт-насихат жұмысын жүргізу қиын. Енді олар үйінен алыстамай-ақ не істеу керектігін білетін болады.

Құтқарушылар домофонның көрсетер қызметін бұдан әрі кеңейтпек ниетте. Төтенше жағдай орын алса, тысқа шығу туралы хабарландыруды пәтер ішіндегі тұтқа арқылы да жіберуге болады деп отыр. Алайда оны жүзеге асыру үшін уақыт пен қаржы керек екен.