Табиғат жанашыры Мэлс Елеусізов көпшіліктің көмегіне мұқтаж - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Табиғат жанашыры Мэлс Елеусізов көпшіліктің көмегіне мұқтаж

Табиғат жанашыры Мэлс Елеусізов көпшіліктің көмегіне мұқтаж

Табиғат жанашыры көмекке мұқтаж! Осыдан екі күн бұрын Алматыда Мэлс Елеусізов басқаратын экологиялық одақтың мүшелері тұратын үй өртеніп кеткен еді. Бірақ оны қайта қалыпқа келтіруге не одақта, не экологтың өзінде қаржы жоқ.

  • 9 Мамыр 2015
  • 423
Фото - Caravan.kz

Сол себепті табиғат жанашыры елден жәрдем сұрауда. Ең болмағанда қабырғасын көтеріп, шатырын жабуға ақша табылса дейді. Өрт кесірінен «Табиғат» одағының біраз шұғыл атқарар жұмысы тұралап, бірнеше қызметкері баспанасыз қалған. Оған қоса, Елеусізовтың мұнда қазақи төбеттерді баптайтын орталығы да болған екен. Енді иттерді де апаратын жер жоқ. Әзірге өрттің себебі анық емес. Болжамға қарағанда, электр сымдары тұйықталған. Экологтың от әдейі қойылуы мүмкін деген де күдігі бар.

Мэл Елеусізов,
«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:

-Бізде бұрын асар деген жақсы ұғым болатын. Осындай кезде бәрі жиналып, халық көмек беретін. Маған қазір сондай көмек керек. Мүмкіншілік болса, көмек берсін. Материал жағынан, ақша жағынан. Мынаны жасауым керек. Күзге дейін жасамасам, қиын болады.