Алматы-Құлжа тас жолында ойық-ойық жолдар жүргізушілерді шаршатты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Құлжа тас жолында ойық-ойық жолдар жүргізушілерді шаршатты

Алматы-Құлжа тас жолында ойық-ойық жолдар жүргізушілерді шаршатты

Жетісу өңіріндегі көлік жүргізушілері Алматы-Құлжа тас жолының тым нашарлап кеткенін айтып, дабыл қағуда. Сәт сайын доңғалақты дүрсілдетіп соғатын ойық-ойық жол жүргізушілерді шаршатып біткен. Сондықтан жолдың тезірек жөнделгенін қалайды. Ал оның сапасына жауапты мамандар, тек аздап жамап-жасқайтыны болмаса, күре жолды күрделі жөндеу жоспарда жоқ екенін айтып отыр.

  • 9 Мамыр 2015
  • 624
Фото - Caravan.kz

-Жолдың сапасы өте нашар. Сондықтан осы жерде жол апаты да жиі болып тұрады.

Алматыдан шығып, Құлжа тас жолына түскен көлік жүргізушілерінің барлығының да айтары осы. Қаладан шыға тежегішті басуға мәжбүр.

Тозығы жеткен жол жүргізушілердің қалтасына да ауыр тиюде. Ойықтардан болдырған көліктерін жөндету үшін ай сайын қыруар қаржы жұмсайтын олар осы жолдың тезірек жөнделгенін тілеп жүр.

Сәбит Сәрсембаев, көлік жүргізушісі:

-Күнде жүрем осы жолмен, жолдың бәрі быт-шыт, дискілеріміз сынып жатыр. Дөңгелектерімізді айырбастаймыз тез-тез, жол нашар, ходовкаларымыз быт-шыт болып жатыр. Тез жөндесе екен сол, жақсы болар еді.

Республикалық маңызы бар жол сонау 80-ші жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген екен. Тіпті, жақын арада болмайды да. Орташа жөндеудің өзі осыдан 6 жыл бұрын жүргізіліпті. Ал кезекті рет жамап-жасқау бір аптадан кейін басталмақ.

Серік Тазабеков, «Қазавтожол» АҚ Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы:

-Бұл орташа жөндеу 15 мамырда басталып, осы жылы 30 қазанда толығымен аяқталады. Республикалық бюджеттен 525 млн ақша бөлініп жатыр. Бұл орташа жөндеу жолдың жоғарғы қабатын ыстық асфальтпен түгел қайта төсеп шығу. Оның сапасы жақсы болады.

Осылайша шұрық тесік жолдың 21 шақырымы түзелейін деп отыр. Алайда бұл ауқымды мәселенің бір бөлігі ғана. Өйткені облыс көлемінде жолдардың 20 пайызының әбден тозығы жеткен. Оның ішінде 88 шақырымы тез арада жөндеуді қажет етіп тұр.