Елімізде сырттан келетін сиыр етінің мөлшері екі есеге кеміген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде сырттан келетін сиыр етінің мөлшері екі есеге кеміген

Елімізде сырттан келетін сиыр етінің мөлшері екі есеге кеміген

Импорт азайып, экспорт артты! Бүгін Ауыл шаруашылығы минстирі еліміз тәуелсіздік алғалы болмаған көрсеткішке қол жеткізгенімізді айтып, бір мақтанып алды.

  • 9 Мамыр 2015
  • 311
Фото - Caravan.kz

Асылжан Мамытбековтың айтуынша, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты 6 пайызға азайған. Соның ішінде әсіресе сырттан келетін сиыр етінің мөлшері екі есеге кеміп, керісінше экспорт артып отыр. Мәселен, алдыңғы жылдары Ресейге 290 тонна сиыр етін жөнелтсек, қазір бұл көрсеткіш 2 мың тоннадан асып, қазынаға 9 миллион доллар пайда әкелген. Бұдан бөлек, құс еті мен сүттің де экспорты артқан. Енді құзырлы министрлік осы жетістікті одан сайын жетілтіріп, экспортты тағы арттыруды көздеп отыр.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

-Біздің ел ұзақ жылдар бойы сиыр етін экспорттаған жоқ. Тек, 2013 жылдан бастап Ресейге жіберіп жатырмыз. Қазір Қытай мен Өзбекстаннан да сұраныс түсуде. Бұл елдерді сиыр етімен қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргіземіз.