Қарағандыда дәріхананың атын жамылған казино әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда дәріхананың атын жамылған казино әшкереленді

Қарағандыда дәріхананың атын жамылған казино әшкереленді

Қарағандыда заңсыз жұмыс істеп тұрған казино әшкереленді. Қылмыстық топ құмар ойын ұйымдастырған ғимартаттың маңдайшасына дәріхана деген жазу іліп қойған екен.

  • 9 Мамыр 2015
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бірақ онда дәрі сатылмайды. Себебі, ішкі есікте мынадай жазу ілулі тұр. Есіктің ар жағында құмар ойынға елірткендердің есін алатын дүниенің барлығы бар. Залда 24 ойын автоматы мен электрондық рулетка қойылған екен. Әкімшіліктен есеп дәптері мен 200 мың теңгеден аса қаражат тәркіленді. Ойынның қызығына түскендер арнайы жасақтың басып кіргенін сезбей қалып еденде сұлап жатыр. Бірақ казиноның тіс қаққан қожайыны табан жалтыратып үлгерген. Қазір күдікті мен сыбайластарына іздеу жарияланды.