1941 жылы дәл осы көшемен ұл қыздар майдан даласына аттанған екен. Сұрапыл соғыстан сау қайтқандарды да ақмолалықтар осы жерде қол соғып қарсы алған. Енді міне араға 70 жыл салып, сол жауынгерлердің ұрпақтары, аталарының портреттерін ұстап, мақтанышпен жүріп өтті. Артынан, шараға қатысушылар майдангерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.