Бұдан былай, босанған әйелдерді төрт күннен артық ұстаған перзентхана қызметкерлері 200 мыңнан 800 мың еуроға дейін айыппұл төлеуі мүмкін, деп жазады 24.kz.
Жағымсыз жаңалықты естіп, жаңа туылған шақалақтары үшін шырылдаған аналардың өкпелері қара қазандай. Әзірге тек Фландрияда енгізіліп жатқан жаңа заңнамалық нормаға сәйкес, босанып, сәбиін бауырына алған әйелдер перзентханада 96 сағаттан артық қарала алмайды. Тек денсаулығы сыр бергендері ғана сәл емделе тұруға құқылы. Биліктің бұл шешімі Фламанд гинекологтар қауымдастығы мен жас аналардың шамына тиген.
Жас аналар енді тек шақыртумен қызмет ететін акушерлердің көмегіне жүгіне алады. Үйге оралған алғашқы мезетте учаскелік медбике қарайласады. Тек бұл жәрдем де айтарлықтай жарытымды емес, аптасына небәрі 35 сағат. Ал отбасылық орталық қызметкерлерін шақыртушылардың саны күннен-күнге артып келеді.
Айта кетерлігі, билік өкілдері арнайы заң жобасын әзірлеу кезінде бұл өзгерістердің санаулы клиникаларда тәжірибе ретінде енгізілетін айтқан, алайда іс жүзінде елдің фламандтық бөлігінде заң толықтай қолданылуда. Әлеуметтік сақтандыру компаниялары шақырту бойынша қызмет ететін барлық акушерлердің төлемақысын өтей алатындарына шүбәланып отыр.