Еуроодақ Ливияда әскери операция жүргізуге рұқсат сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ Ливияда әскери операция жүргізуге рұқсат сұрады

Еуроодақ Ливияда әскери операция жүргізуге рұқсат сұрады

Еуропалық одақ БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен Ливия аумағында әскери-теңіз операциясын жүргізуге рұқсат сұрап отыр.

  • 12 Мамыр 2015
  • 292
Фото - Caravan.kz

Бұл шара заңсыз мигранттарды кәрі құрлық елдеріне жеткізумен айналысатын контрабандалық топтардың кемелерін құрықтауға бағытталмақ. Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы өкілі Федерика Могерини Нью-Йорктегі отырысында операцияның қажеттілігін баса айтты. Оның мәлімдеуінше, қауіпсіздік мүшелерінің тарапынан аталған мәселе бойынша ешқандай қарсылық болмаған. Федерика Могерини, Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы өкілі: — Бұл қайықтарды құрту Еуропалық одақ үшін ауадай қажет. Бұл адамдарды сату бизнесі жойылады дегенді білдіреді. Осыдан кейін бұл қайықтар мүлде жарамсыз болып қалады. Қылмыстық жүйені біржола жою үшін жылдам әрі бірге әрекет ету керекпіз. Еуропалық одақ ақыры осыны сезініп отыр, ендігі жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Жерорта теңізіндегі жағдай расында алаңдатарлық. Биылдың өзінде мұнда 1800-ге жуық адам ажал құшқан. Соңғы үлкен қайғылы оқиға сәуірде болды. Ол кезде Италияның Лампедуза аралынан 200 шақырым жерде мигранттар мінген кеме аударылып, қаншама босқын қаза тапты. Ал соңғы айларда Жерторта теңізінде 50 мыңнан астам мигрант өлім қаупінен құтқарылған. Теңізшілер күн сайын Италия жағалауына жүздеген келімсекті әкеледі. Еуропа әр ел үшін босқындарды орналастыруға арналған міндетті квоталар бекіту мәселесін декүнтәртібіне қойып отыр. Бірақ бұл үшін Еуроодаққа мүше барлық мемлекеттің келісімі қажет, деп хабарлайды 
http://24.kz/kz
 сайты.