Қазақстан жұртшылығы Рақымжан Қошқарбаевқа «Ресей Батыры» атағын беру туралы ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жұртшылығы Рақымжан Қошқарбаевқа «Ресей Батыры» атағын беру туралы ұсыныс жасады

Қазақстан жұртшылығы Рақымжан Қошқарбаевқа «Ресей Батыры» атағын беру туралы ұсыныс жасады

«Генералдар кеңесі» және «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымдары Рақымжан Қошқарбаевқа «Ресей Батыры» атағын беру туралы ұсыныс жасады. 

  • 12 Мамыр 2015
  • 379
Фото - Caravan.kz


Аталған ұйымдардың өкілдері бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің Жеңістің 70 жылдығына арнап өткізген «Бұл өлілерге емес, тірілерге қажет!» акциясы барысында мәлімдеді. Олар Рақымжан Қошқарбаевқа «Ресей Батыры» атағын беру туралы ұсынысты РФ басшысы Владимир Путинге жеткізуді өтінді.
Сонымен қатар, шара барысында Алматыға генерал Панфилов атындағы 316-шы атқыштар дивизиясы шайқасқан майдан даласынан бір уыс топырақ пен Жеңіс жалауының көшірмесі жеткізілді.
Боздақтарымыздың қаны төгілген дала топырағы салынған капсула генерал Панфиловтың немерелеріне тапсырылды. Содан соң ол Панфилов атындағы қазақ-ресей гимназиясына тарту етілді.
Жеңіс жалауының көшірмесі Р.Қошқарбаевтың немересі Дәурен Қошқарбаевқа табысталды.
Р.Қошқарбаев 1945 жылдың 30-сәуірінде майдандасы Григорий Болатовпен бірге Рейхстагқа КСРО жалауын тіккен офицер.
1999 жылы 7-мамырда оған ҚР президентінің жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді.