Парагвайда полиция 10 жастағы жүкті қызға түсік жасауға тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парагвайда полиция 10 жастағы жүкті қызға түсік жасауға тыйым салды

Парагвайда полиция 10 жастағы жүкті қызға түсік жасауға тыйым салды

Парагвайда өзінің 10 жастағы өкіл қызын зорлады деген күдікпен оның өгей әкесі ұсталды, деп жазады «ВВС». 

  • 12 Мамыр 2015
  • 544
Фото - Caravan.kz


Қазір жасөспірім қыздың жүктілік мерзімі бес айға толған. Оған түсік жасауға тыйым салынды.

Парагвай заңы бойынша, ана өміріне қауіп төнбеген жағдайда түсік жасау қылмыстық іс болып табылады.

Елдің денсаулық сақтау министрі Антонио Баррос қыздың денсаулық жағдайы жақсы екенін, оған түсік жасау кеш екенін мәлімдеді.
Алайда, әйелдер құқығын қорғаушылар қыз туу үшін әлі тым жас екенін айтты. Оның жүкті екені анасы қызында ісік бар деп күмәнданып ауруханаға әкелген кезде белгілі болды.

Жыл сайын 70 млн халқы бар Парагвайда 14 жастан кіші 600-ге жуық жасөспірім жүкті болады.