Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар дельфиндер шоуын тамашалады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар дельфиндер шоуын тамашалады

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар дельфиндер шоуын тамашалады

Алматы дельфинарийінің әртістері Түрксіб ауданындағы мүмкіндігі шектеулі, жетім, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға арнайы шоу көрсетті.

  • 12 Мамыр 2015
  • 733
Фото - Caravan.kz

Қайырымдылық шарасын халықаралық «Немо» компаниясы мен Түрксіб аудандық әкімдігі ұйымдастырды.

Р.Зорге көшесінің бойында орналасқан уақытша дельфинарийдегі шоуды қызықтауға 600-ге жуық бүлдіршін жиналды.

Су жануарлары Украинадан келген. Қазір Алматыдағы дельфинарийде 2 Тынық мұхитының дельфині, 1 Қара теңіз дельфині өнер көрсетіп жүр. Николь есімді дельфин-афалин Одесса су қоймасында дүниеге келген.

«Содан бері дельфинарий оның өз үйі сияқты», — дейді мамандар.

Сондай-ақ екі оңтүстікамерикандық теңіз мысықтары, су арыстаны бар.

Одессадағы «Немо» дельфинарийінің тәрбиеленушілері енді Алматыда тұрақтап қалмақ. Оған қажетті мамандар да, құрал-жабдық та бар. Тіпті, бассейндегі судың өзі теңізден әкелінеді.

«Шамамен жарты жылдан соң тұрақты дельфинарий ашылады. Ол Орталық демалыс саябағында салынып жатыр. Кіру құны шамамен 800-1000 теңге көлемінде болмақ. Сенбі сайын түнгі шоу көрсететін боламыз. Қазақстанға келуді бұрыннан ойлап жүргенбіз. Мұнда жақсы мамандар, баптаушылар бар. Сондай-ақ тұрақты дельфинарийдің қасынан дельфинотерапия ғимаратын салу жоспарланып отыр. Онда аутизм, сал ауруларымен ауыратын науқас балалар келіп емделетін болады», — дейді «Немо» дельфинарийінің директоры Виталий Старагин.


Су жануарлары доп, шеңбер тағы басқа құралдармен ойын көрсетіп, баптаушыларымен вальс биледі. Тіпті, сурет салып, ән айтты.

«Компания басшылығы бізге осындай ұсыныс жасаған соң, оларға жаз мезгіліне қажет уақытша дельфинарий орналастыратын орын тауып бердік. Уақытша дельфинарий осы жерде қыркүйекке дейін тұрақтайды. Бүгін міне, осында мүгедек, ата-анасыз қалған балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға қайырымдылық шарасын өткізіп жатырмыз. Әрі қарай компания бұл шараны ай сайын әр ауданда өткізеді», — деді Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Тәжібаев.