ЕЭК 2017 жылдан соң ЕАЭО-та роуминг төлемін алып тастауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕЭК 2017 жылдан соң ЕАЭО-та роуминг төлемін алып тастауы мүмкін

ЕЭК 2017 жылдан соң ЕАЭО-та роуминг төлемін алып тастауы мүмкін

Еуразиялық экономикалық комиссия 2017 жылдан кейін Еуразиялық экономикалық одақ аумағында

  • 12 Мамыр 2015
  • 395
Фото - Caravan.kz


ұялы байланыс операторларының роумингіне төлемді алып тастауы мүмкін, деп мәлім етті ЕЭК монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары Александр Курильчик.

«Біз 2016-2017 жылдар кезеңіне Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы роумингке шекті баға белгілеу туралы шешім жобасын дайындауды ұсынамыз, ол кейіннен жойылады», — деді ол журналистерге.

Бұл ретте Курильчик Еуропалық одақта да роумингке төлемді жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салды, деп хабарлады РИА Новости.

Ақпан айында ЕЭК монополияға қарсы департаменті басшысының орынбасары мәлімдегендей, Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінде шығыс қоңырауларына тариф ЕО мемлекеттеріндегі максималды тарифтен орташа алғанда 3-5 есеге, роумингтегі шығыс хабарламаларға — 2-3 есе, мәліметтер жеткізуге — орташа есеппен 8-21 есеге артық.