ЕАЭО-ның монополияға қарсы кодексін 2015 жылы бекіту көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕАЭО-ның монополияға қарсы кодексін 2015 жылы бекіту көзделіп отыр

ЕАЭО-ның монополияға қарсы кодексін 2015 жылы бекіту көзделіп отыр

Еуразиялық экономикалық одақтың монополияға қарсы кодексін ағымдағы жылы дайындап, бекіту көзделіп отыр,

  • 12 Мамыр 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады  Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары Александр Курильчик.

"2015 жылы алдымен ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы кодексін жасап, бекітуді жоспарлап отырмыз", — деді Курильчик Беларусь Ұлттық Жиналысы Палатасы өкілдерінің өнеркәсіп, жанар-жағар май-энергетикалық кешен, көлік және байланыс  комиссиясының отырысында.

Комиссия төрағасы Дмитрий Харитончик Еуразиялық экономикалық одақта әзірге мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділік бойынша ЕАЭО елдеріне тең жағдай жасау  мүмкіндігі туғызылмады, деп жазды РИА Новости.

"Басты проблемалар — мемлекеттік сатып алуларға қатысқанда Ресейдің қорғаныс секторының мүддесіне орай біздің тауар өндірушілерді кемсіту болып отыр.  Ресейлік мемлекеттік бағдарлама бойынша өз өндірушілеріне жеңілдіктер қарастырылған, ал біздің тауар өндірушілер шетелдік ретінде есептеледі", — деді Харитончик.


Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, белоруссиялық тарап электрондық саудада ЕАЭО елдері үшін бірдей жағдай жасалмағанына наразы.  "Ресейдегі электрондық саудаға қатысу үшін біздің өндірушілер ақшалай кепіл салуға міндетті, ал ресейлік қатысушыларға мұндай талап қойылмаған", — деді парламентші.