Қарағандыда тұрғын үй маңында атыс орын алды: зардап шеккендер бар - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда тұрғын үй маңында атыс орын алды: зардап шеккендер бар

Қарағандыда тұрғын үй маңында атыс орын алды: зардап шеккендер бар

Қарағандыда атыс салдарынан үш адам зардап шекті. Екі күдікті қолға түсті, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

  • 12 Мамыр 2015
  • 462
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпаратына сүйенсек, оқиға 11 мамырда кешке тұрғын үйдің маңында орын алған. Оқиғаны Қарағанды қ. ІІБ жол-патрульдік полиция полкінің 23 жастағы қызметкері көріп қалған. Қызметтен үйіне келе жатқан полиция сержанты қарулы жанжалды байқап қалып, оқиғаға араласады.

«Полицейдің келе жатқанын көрген екі ер адам қашып кеткен. Біреуінің қолында шолақ мылтық болған. Оқиға орнында жанжалға қатысқан екі адам қалған, оның бірінің қолында «Оса» травматикалық тапаншасы болған. Ол тапаншаны полицияның басына кезеп, араласпауын талап етеді. С.Ысқақов өзін-өзі қорғау тәсілімен бұзақының қаруын алып қойды», — делінген хабарламада.

Артынша ер адам көлікпен бой тасалады. Оқиға орнында бетіне оқ тиген 20 жастағы жігіт қалды. Полицей болған оқиға жайлы Жедел басқару орталығына хабарлады.

«Біраз уақыт өткеннен кейін полицейлер тапаншадан оқ атқан 34 жастағы ер адамды ұстады, оның 39 жастағы досы көлікпен қашып кетті. Олар медициналық көмекке жүгінген жерінен қала ауруханалардың бірінен ұсталды. Екеуі де аяқтарынан жарақат алған», — деп көрсетілген хабарламада.

Полицияның мәліметтеріне сүйенсек, ұсталған 34 жастағы ер адам жанжал барысында 20 жастағы жәбірленушіге тапаншадан оқ атқанын мойындады.

«Қазір оқиғаның қалған қатысушыларының кім екендері анықталуда. ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 б. 3 т. (бұзақылық) бойынша іс қозғалып, тергеу алды тексеру жүргізілуде», деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.