Зілзаланың ошағы 19 шақырым тереңдікте байқалған. Әзірге 4 адам қаза тапты деген ақпарат бар. Дегенмен, бұл көрсеткіш әлі ұлғаюы мүмкін. Қазіргі уақытта тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшірілуде. Елде телефон байланысы үзілген. Зілзала болған жер Непал астанасы Катмандуға жақын болғандықтан, ондағы тұрғындар да жаппай басқа аймақтарға ағылуда. Сонымен бірге, жер асты дүмпуі көршілес Үндістанда да сезіліп, онда бір адам қаза тапқан. Айта кетейік, Непалда өткен айдың соңында ғана ірі жер сілкінісі болып, 8 жарым мыңға жуық адам көз жұмған еді.