БҚО-да бүтін бір ауылдың ұл-қызы мектепке жете алмай жылап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да бүтін бір ауылдың ұл-қызы  мектепке  жете алмай жылап  отыр

БҚО-да бүтін бір ауылдың ұл-қызы мектепке жете алмай жылап отыр

Батыс Қазақстан облысында бүтін бір ауылдың оқушылары мектепке қатынай алмай отыр. Тоқпай елді-мекенінен жеткіншектерді таситын автобустың тоқтағанына бірнеше күн болған. Бұған балаларды білім ошағына жеткізетін көліктің кезекті рет бұзылып қалуы себеп. Бұл мәселе емтихандар қарсаңында ата-аналардың да жүйкесіне әбден тигенге ұқсайды.

  • 13 Мамыр 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Тоқпай ауылында 60 қана үй түтін түтетіп отыр. Мұнда көбіне жас отбасылар қоныстанған. Сондықтан бала да көп. Әр үйден кемі бір оқушы шығады. Барлығы 6 шақырым жердегі Подстепное ауылына қатынап білім алып жүр. Оларды бір жыл бойы мектепке тиесілі Уаз және Газель тасып, тек көктемде көптен күткен үлкен автобусқа қол жеткізген еді. Алайда, оқушылардың қуанышы ұзаққа созылмады. Автобус біресе бұзылып, біресе жанармайы жоқ деген сылтаумен ауылға мүлде із салмайтын болған.

Әсия Құлбаева, Тоқпай ауылының тұрғыны:

-6-шы рет бала сабақтан қалып тұр. 4-ші тоқсаннан бері 6-шы рет. Қыс бойы тасылды. Тендер ұтылды деп автобус шығарды. Одан ешқандай пайда жоқ. Керісінше, кесірі тиіп жатыр.

Мектептің меншігіндегі көліктер қауіпсіздік талаптарына сай болмағандықтан, тендер жариялаған. Оны атыраулық бір фирма ұтып алыпты. Бірақ олардың автобустары бірнеше күннен бері қаңтарылып тұр.


Талғат Манатауов, Подстепное ауылдық аймағы әкімінің орынбасары:

-Кемшіліктердің орнын жойып, сол жеке кәсіпкердің балаларды тасымалдауын көмектесуін сұрап, жанармайды шешіп жатырмыз. Қазір түстен бастап шығады.

Әкімдіктегілер бұл мәселе тағы туындаса, тасымалдаушыны сотқа береміз, -деп сес көрсетіп отыр. Ал, ата-аналар болса, жаңа оқу жылында тасымал мәселесінің түбегейлі шешілуін талап етеді.