Мүфтиат имамдарды ақ шапан киіп жүруге міндеттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүфтиат имамдарды ақ шапан киіп жүруге міндеттеді

Мүфтиат имамдарды ақ шапан киіп жүруге міндеттеді

Оқушылар секілді дін қызметкерлері де, бірыңғай формаға ауысып жатыр. Мүфтиат енді имамдарды мешітте күні-түні ақ шапан киіп жүруге міндеттеді.

  • 13 Мамыр 2015
  • 454
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен ақ шапан осы. Дизайны жарты жыл әзірленіп таңдау осы түске түскен. Жаңа шапанды әзірше алматылық имамдар кие бастады. Сүттей ақ шапанның жағасы әдемі оюмен өрнектелген. Осыған дейін діндарлардың киімі ательде тігілмегендіктен әркім өз бетінше жазда ақ, қыста қара шапан жамылып ала-құла боп жүретін. Енді барлығы бұдан-былай біркелкі болады. Жаңасы қатты терлетпейтін  матадан тігіліп жатыр екен. Осындай ақ шапан облыстардағы мешіттерге де  түгел таратылады.

Ағабек Қонарбайұлы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы:

-Елімізде 3 мың имам бар. Сол 3 мың имамға бірдей шапан тіктіріп, қолданысқа енгізетін боламыз.