Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетілер шамасында болған. Кезекшіліктерін ауыстырып жатқан алты кеншілердің үстіне кенеттен топырақ опырылған. Салдарынан аяқтары жарақаттанған екі азаматқа медициналық қызмет көрсетілсе, үшінші адам ауруханаға жетпей көз жұмды. Топырақ — су тасқыны салдарынан құлаған деген болжам бар. Төтенше жағдайдың нақты себебін арнайы комисия анықтамақ.