Аю қайың шырынын жинаған екі әйелге бас салды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аю қайың шырынын жинаған екі әйелге бас салды

Аю қайың шырынын жинаған екі әйелге бас салды

Амур облысындағы Тында қаласының тұрғыны аюдың құрбанына айналды. Қазіргі кезде ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 

  • 13 Мамыр 2015
  • 345
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Порт Амур» АА хабарлады.

Аю орманда қайың шырынын жинаған екі әйелге шабуыл жасаған. Ол әуелі өзіне үріп жатқан итке бас салып, одан кейін әйелдердің біріне қарай тұра ұмтылған. Қашып үлгерген екіншісі құтқару қызметін шақыра алды.

Оқиға орнына келген милиция, ТЖМ қызметкерлері мен жануарлар әлемін қорғау маманы жабайы жыртқыштың әйелді жерге көміп жатқанын көрді. Жануарлар әлемін қорғау өкілі аюды атып өлтірді.