Б.Шүкеновті еске алу кешін ұйымдастырушылар шараға қоғамдық көлікпен келуді өтінді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Шүкеновті еске алу кешін ұйымдастырушылар шараға қоғамдық көлікпен келуді өтінді

Б.Шүкеновті еске алу кешін ұйымдастырушылар шараға қоғамдық көлікпен келуді өтінді

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, музыкант және композитор Батырхан Шүкеновті Еске алу кеші

  • 13 Мамыр 2015
  • 441
Фото - Caravan.kz

18 мамырда Республика Сарайы алдындағы «Абай» алаңында өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Еске алу кешін Батырхан жақсы көретін «ChickFlick» тобы ашады. Топ әншілері Батырханның репертуарынан бірнеше ән орындамақ.

Бұдан соң Республика Сарайының алдында арнайы монитордан

«Батыр: Live» атты фильм-концерт көрсетіледі. Онда әншінің достары мен жақындарына берген сыр-сұхбаттары, сахна сыртындағы сұхбаттары, әншінің қысқаша түсініктемелері енген.

Қала әкімшілігі аталған шараға байланысты осы аумақтағы көлік кептелісін туғызбас үшін келушілерге «Абай» алаңына қоғамдық, муниципалдық көлікпен жетулерін (КИМЭП аялдамасы) өтініп сұрайды.


Сондай-ақ, қалалықтарға қолайлы болу үшін «Арман» кинотеатрының жанында тұрақ және Республика Сарайының ақылы жерасты паркингі жұмыс істеп тұрады.

Естеріңізге салайық, Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні бір кезде орындаушының өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті. Дәл осы күні митингіде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әртістің туған күнінде Еске алу кешін өткізу туралы ұсыныс айтқан болатын.