Астана әуежайындағы жағдай мекеме мамандарын аяғынан тік тұрғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әуежайындағы жағдай мекеме мамандарын аяғынан тік тұрғызды

Астана әуежайындағы жағдай мекеме мамандарын аяғынан тік тұрғызды

Бүгін Астана халықаралық әуежайында төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды http://24.kz/.

  • 13 Мамыр 2015
  • 451
Фото - Caravan.kz


Шетелден сапарлап келген жолаушылардың бірінен Эбола қызбасы анықталып, жауапты мекеме мамандарын аяғынан тік тұрғызды. Әлемді алаңдатқан жұқпалы кеселге қарсы елордалық эпидимиологтардың оқу-жаттығу жиыны осылай басталды. Оқиға желісі бойынша күмән тудырған әуе көлігі мен жолаушыларды санитарлық-карантин көліктері күтіп тұрды. Мамандар дер кезінде кеселге шалдыққан азаматты оқшаулап, ұшақ іші мен азаматтар жүгін химиялық ерітіндімен тазартты. Өзге жолаушылар да тиісті тексеруден өткізілді.