Парламент үшінші елдерге антидемпингтік шаралар қолдану туралы заң қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент үшінші елдерге антидемпингтік шаралар қолдану туралы заң қабылдады

Парламент үшінші елдерге антидемпингтік шаралар қолдану туралы заң қабылдады

Сенат бүгінгі пленарлы отырысында «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғаныс, антидемпингтік және өтем шаралары туралы» заң жобасын мақұлдады. 

  • 14 Мамыр 2015
  • 528
Фото - Caravan.kz


Құжат президенттің бекітуіне жіберіледі.
Бұл заң жобасы ұлттық заң нормаларын Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарт пен Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдеріне сәйкес әзірленді.
Заң жобасы арнайы қорғаныс, антидемпингтік және өтем шараларын қолданудың ортақ қағидаларын; арнайы қорғаныс, антидемпингтік және өтем шараларын қолдану алдында тексеру жүргізуге өтініш беру шарттарын өзгерту;  Еуразиялық экономикалық комиссия құрылымына кіретін, тексеру жүргізуші органның тексеру жүргізуі; ЕАЭО туралы келісімшарт нормалары мен ДСҰ келісімдеріне сәйкес тексеру жүргізу тәртіптемесін реттеу қаралған.