Бірқатар сенатор ТМД ПА наградаларымен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар сенатор ТМД ПА наградаларымен марапатталды

Бірқатар сенатор ТМД ПА наградаларымен марапатталды

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар депутаттарды марапаттады.

  • 14 Мамыр 2015
  • 593
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, ТМД Парламентаралық Ассамблея кеңесiнiң шешiмiмен белсендi қызметi, халықтар арасындағы достықты нығайтуға және парламентаризмдi дамытуға қосқан үлесi үшiн Сенаттың бiр топ депутаты «Достық» орденi, «Парламенттiк ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесi үшiн» медалiмен және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрметтi грамотасымен марапатталып отыр.

Сонымен, ТМД Парламентаралық Ассамблея кеңесiнiң «Достық» орденiмен Талғат Абайдiлдин және Мұхтар Алтынбаев, «Парламенттiк ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесi үшiн» медалiне Владимир Редкокашин мен Ләззат Тұрлашев марапатталды. Бұдан бөлек,  Асқар Бейсенбаев пен Талғат Абайдiлдинге «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалi табыс етілдi.